Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан халқының саны өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

1 қазандағы деректер бойынша, халық саны 19 967 964-ке жеткен. Оның ішінде: 

  • қала тұрғындары - 12 387 957 адам;
  • ауыл тұрғындары - 7 580 007 адам. 

Ерлер – 9 750 647 адам. Әйелдер – 10 217 317 адам.

2023 жылғы 1 қазанға жынысы және жер типі бойынша халық саны: 

Өңірлер бойынша халық саны

Қала халқының ең көп үлесі Қарағанды (81,5 пайыз), Ұлытау (79,1 пайыз) және Ақтөбе (74,8 пайыз), ал ең аз үлесі Алматы (16,2 пайыз), Түркістан (24,6 пайыз) және Жамбыл (43,3 пайыз) облыстарында байқалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина