Қостанай облысында сотта балағат сөз айтқан әйел айыппұл арқалады

Қостанай облысының тұрғыны сотқа жәбірленуші ретінде келген. Ол мас бола тұра, бірге тұрған сүйіктісіне шағымданған. Кейін ол сотта балағат сөздер айта бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сарыкөл аудандық сотына сілтеме жасап.

"Ч. есімді азаматша сүйіктісі Ш.-ға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша жәбірленуші болып келді,  ол мас күйде аудандық сот ғимаратында балағат сөздер айтқан. Ол ескертулерге назар аударған жоқ", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде Сарыкөл аудандық соты әйелді Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол өз кінәсін мойындады. Оның кінәсі іс материалдарымен және куәгерлерме расталады. Әйел 69 000 теңге айыппұл төледі. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ақша туралы мақал-мәтелдер 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!