Зейнеткерді ұрып-соғып, 10-нан аса көлікті зақымдаған: ШҚО судьясының бұл іске қандай қатысы бар?

Зейнеткерді ұрып-соғып, 10-нан аса көлікті зақымдаған: ШҚО судьясының бұл іске қандай қатысы бар?
Фото: "Астана" телеарнасы

Өскеменде мас ер адам зейнеткерді ұрып-соғып, 10-нан аса көлікті зақымдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Өскеменде мас ер адам зейнеткерді ұрып-соғып, 10-нан аса көлікті зақымдаған. Бұл оқиға туралы полицияға сағат 03:00-де дабыл түскен. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу көлігінің әйнегін сындырған. Ал әйел аулаға шыға бергенде бүлікші оның кеуде тұсынан ұрып, жерге құлатып, тепкілеген. Зардап шегушінің ұлы зейнеткердің дәрігерлер көмегіне жүгінгенін айтты. 

Кейін ер адамның ұсталғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары "Сергектің" жазбаларын зерттеп, куәгерлерді де іздеп жатыр. Өкінішке қарай, қаскүнемнің әрекеті жақын маңдағы азық-түлік дүкенінің бейнебақылау камераларына түспей қалған.

"Бізге полицейлер келіп, осындай жағдай болғанын, 10 көліктің зақымданғанын айтты. Бірақ, өкінішке қарай, бұл әрекет біздің камераларға түспей қалған", - деді дүкен әкімшісі Александра. 

Желіде түнде төбелес шығарған ер адам Ернар Ерболатов екені туралы ақпарат тарап кетті. Ал Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасының да аты-жөні - Ернар Ерболатов.

Cот өкілдері бұған қатысты пікір білдірген жоқ. Олар "ақпараттың дұрыстығы қазір тексеріліп жатыр" деп жауап берді. Осы уақытқа дейін полиция мен прокуратурадан ешқандай ақпарат түскен жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек