Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне "Жібек жолы" шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда "Кольт" атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік ер адамға белгі берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер бірден күдік тудырған Өзбекстан елінің азаматын тінту кезінде сырт киімінің ішінен есірткі затына ұқсас затты тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдікті аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат "гашиш" болып шықты.

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан