Алматының жолы Парижден жақсы – Дүниежүзілік жол қауымдастығының бас хатшысы

Алматының жолы Парижден жақсы – Дүниежүзілік жол қауымдастығының бас хатшысы
Фото: Massaget.kz

Дүниежүзілік жол қауымдастығының бас хатшысы Патрик Маллежак Қазақстандағы екі күндік сапары кезінде Астана мен Алматының жолдарын көріп, оны Еуропаның қалаларымен салыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз Алматыда болдық. Таулардағы жолдар мен жер астымен жүретін көлік жолдарының сапалы істелгенін көрдік және қалада көлік қозғалысы жақсы реттелген. Қаланың бірнеше көшесін араладым, бір қарағанда Алматының жолы Парижден жақсы екені байқалады. Әрине, Алматы мен Астананың арасындағы көлік жолының қандай қалыпта екенін білмеймін. Ал Астананың жолы туралы айтар болсақ, Прагадан кем емес", - деді Маллежак Қазақстанның әлемдік жол-көлік жүйесіне кіруінің өзекті мәселелері бойынша өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ дүнижүзілік қауымдастық хатшысы ұйым тек кеңесші емес, Қазақстанмен мамандар арқылы да тәжірибе алмасуға дайын екенін айтты.

Патрик Маллежактің сөзінше, климаты ұқсас мемлекеттердің жол құрылысы мамандары бірігіп жұмыс істеуі керек. Мұндай тақырып алдағы уақытта жиі талқыланады.

Жасұлан Ордабаев

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан