Рамзан Қадыровтың 15 жастағы ұлы тағы бір орден алды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 15 жастағы ұлы І дәрежелі "Ислам дініне қызмет еткені" үшін орденін алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев хабарлады. 

Оның айтуынша, марапат 15 жастағы Қадыровқа "исламды нығайтуға және оның құндылықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін" берілген. Марапатты Шешен Республикасының Мүфтиі Салах-қажы Межиев тапсырды. Рәсімге Солтүстік Кавказ аймақтарының барлық мүфтилері мен басқа елдердің діни қайраткерлері де қатысты.

Еске салайық, бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 15 жастағы ұлы "Қабарда-Балқар Республикасына сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапатталған болатын

Бұл туралы Қабарда-Балқар Республикасы басшысы Қазбек Коков Telegram-дағы ресми арнасында айтты.

"Бүгін мен Ахмат-Қажы Қадыровтың немересі, Рамзан Ахматұлының ұлы Адам Рамзанұлын "Қабарда-Балқар Республикасына сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапаттадым", - деді Коков.

Адам Рамзанұлы Нальчик қаласына Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты, Ресей мен Шешен Республикасының батыры Адам Делимхановпен бірге келді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!