"Сенің дегенің емес, Алланың дегені болады". Наркенже Серікбаева жұбайының қазасынан кейін жаңалығын айтты

"Сенің дегенің емес, Алланың дегені болады". Наркенже Серікбаева жұбайының қазасынан кейін жаңалығын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Наркенже Серікбаев жұбайынан айырылғаннан кейін жаңа ән жазғанын айтып, өлеңмен қайғысын сейілтіп жүргенін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әлеуметтік желіде қайғысына ортақтасқан оқырмандарына алғысын білдірді.

"Сіздерден келген толассыз хаттарды көріп отырмын. Аллаға сансыз шүкір, арқа сүйер елім барда мен бармын, сіздердің дұға тілектеріңізбен өзімді тіктеп келе жатырмын. "Өмір бар жерде өлім бар" деген дана бабаларымыз. Сенің дегенің емес, Алланың дегені болады ғой. Алла басыма сондай сынақ берді. Менің қайғыма ортақстасып, қайғымды сейілткендеріңізге көп рахмет! Жақында ағаларымның "Тағдыр" атты әнін алдым, осы әнімді сіздермен бөліскенді жөн көрдім. Бақыт Беделхан айтқандай,

Мен туғанда-ақ өлім жазасына кесілгем,
Есейе келе шығып кетіпті есімнен.
Жаным шырылдап, тәнім тұншығып жатқанда
Есіме қайта сен салып едің, есіл дем! - деп өзімді әнмен жұбаттым.

Кезінде Кенен атамыз Базар мен Назардан айрылып үйінен шықпай жатып қалғанда, Оспанқұл келіп өлеңдетіп орнынан тұрғызғанын білеміз ғой, сол секілді менде осы әнімен сөзі келіскен әнді орындадым", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????? ??????????? (@narkenjeserikbaeva)

Желі қолданушылары әншінің көңіліне демеу болған.

"Наркенже әпке, осы сіздің өмір баяныңызды сұхбатыңыздан естіп жүрегім езілді. Адам сыртына қарап бәрі керемет деп ойлаппын. Ішіңіздегі осыншама мұңды естіп көрген соң шынымды айтсам қатты жүрегім ауырды", "Наркенже сіңілім, бекем бол. Алланың ісіңе шара жоқ. Алла алдынан жарылкасын жан жарынның. Тағдыр жолы осындай. Әр адамға әртүрлі етіп береді Алла", "Алла енді сізді жылатпасын, мұңайтпасын! Қос қарлығашыңыздың қызығын көріңіз!!!", "Наркенже ханым, сізге Алла сабыр берсін", - дейді олар. 

Еске салайық, биыл қыркүйекте әнші Наркенже Серікбаеваның күйеуі өмірден өтті. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова