Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы босану көбейген

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы босану көбейген
Фото: uaua.info

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы босану 51 пайызға көбейген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы жасөспірімдердің жүктілігі мен жасына жетпей ана болу - қабылданған шараларды ескерсек те өзекті болып қала беретін мәселе. Соңғы бірнеше жылда 15 пен 18 жас аралығындағы қыздардың босануы 50,5 пайыз көбейді. Егер 2017 жылы осылай 3,4 мың бала туса, 2022 жылдың соңына қарай 5,2 мыңға жетті. Пандемияның бірінші жылында күрт көбейді, бірақ ол аяқталғаннан кейін де жағдай жақсарған жоқ.

Бұл үрдісті түсік жасату санының азаюымен емес, жасөспірімдік жүктіліктің көбеюімен түсіндіруге болады. Кәмелетке толмаған қыздарда жүктілікті жасанды тоқтату статистикасы соңғы жылдары аздап өзгерді, 12 айда 1,1–1,2 мың жағдай.

Жалпы, статистика бойынша, 20 жасқа дейінгі аналардан туған балалардың үлесі аз: 3,3 пайыз. Былтыр 403,9 мың жаңа туған нәрестенің 13,2 мыңының анасы 20 жастан аспаған. Туған балалардың жартысынан көбі (55,9 пайыз) анағұрлым қолайлы репродуктивті жастағы - 25–35 жас аралығындағы әйелдерде дүниеге келген.

Қоғамда жасөспірімдер жүктілігі және жасына жеьпей ана болуға деген көзқарас тек экономикалық факторлар мен ана атанған қыздың психоэмоционалды ауыртпалығына байланысты емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, ерте жүктілікте түсік жасатуға байланысты бедеуліктен бастап эклампсия мен шала туу қаупінің жоғарылауына дейін бірқатар медициналық асқынулар бар. Сондықтан әлемдік тәжірибе ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған. Бұл мақсаттар тіпті тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) енгізілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жасөспірімдер жүктілігі білім деңгейі немесе экономикалық жағдайы төмен халықтар арасында жиі кездесетінін атап өтті. Біріншіден, халықтың аз қамтылған топтары контрацептивтерге қол жеткізу мәселесіне тап болса, екіншіден, шағын елді мекендерде (ауылдар, шағын қалалар, барлығы бір-бірін танитын) кәмелетке толмағандар стигмаға ұшырайды және контрацептивтерді әрқашан еркін сатып ала алмайды.

Қазақстанда қала мен ауыл жасөспірімдерінің туу көрсеткішінде айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, былтыр ірі елді мекендерде жасөспірімдер арасындағы туу көрсеткіші 15–19 жас аралығындағы 1 мың қыз балаға шаққанда 15,3, ауылдарда 25,9. Бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштер. Мәліметтерді өңірлер бойынша егжей-тегжейлі қарастырған кезде кейбір облыстарда ауылдық жерлердегі жасөспірімдердің туу көрсеткіші республикалық деңгейден жоғары екені байқалады. Мысалы, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында коэффициент 35-тен, Түркістан облысында 30-дан жоғары.

Алайда бұл өңірлердегі коэффициенттер ауылдарда ғана емес, қалаларда да жоғары. Дәл осы үш өңір еліміздегі жасөспірімдердің туу көрсеткіші бойынша көшбасшы. Экономикасы ең дамыған қалалар - Алматы (8,2) және Астана (9,1) қалаларында ерте туу азырақ кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жасөспірімдер жүктілігінің тағы бір себебін қыздың кәмелетке толмаған күйінде тұрмысқа шығуын ерте неке деп атайды. Бұл құбылыс бұрыннан болған жүктілікке байланысты ғана емес, сонымен қатар басқа факторларға байланысты (дәстүрлерді ұстану, экономикалық себептер) бар. Қазақстанда ерте тұрмысқа шығу қыздар арасында жиі кездеседі. Былтыр 16–19 жас аралығындағы 2,6 мың ұл үйленсе, 17,3 мың қыз үйленді.

Жасөспірімдердің қалаусыз жүктілігінің санын азайту және ТДМ-ға қол жеткізу үшін - 2030 жылға қарай жыныстық және репродуктивті денсаулық қызметтеріне жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету - ҚР-да арнайы заң жобасы қабылданды. Құжат облыстық денсаулық сақтау басқармаларына кез келген жас медициналық көмек пен психологиялық қолдауды еркін ала алатын Жастар денсаулық орталықтарын ұйымдастыруды міндеттейді. ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, қазірдің өзінде елімізде қолжетімділік, еріктілік, достық және сенім негізінде жұмыс істейтін осындай 118 мамандандырылған орталық бар. Оның 67-сі ауылдарда жұмыс істейді. Былтырдың өзінде мұндай орталықтарға деген сұраныс дәлелденді: ұйымға 728,6 мың жас қазақстандық хабарласты, олардың 39,4 пайызы 15–18 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина