Ақтауда танымал блогер жауапқа тартылды

Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Lexus NX200 автокөлігімен орын алған құқық бұзушылық туралы бейнеролик жарияланды.

Жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарғаны анықталды. Сондай-ақ, автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмағандығы анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен 27 жастағы азаматшаның жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина