- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қыз зорлады деген...
Қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бастығы 2 айға қамауға алынды
Фото:
zhetysu.gov.kz
27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полиция басқармасы бастығы қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Талдықорған мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімі бойынша күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - деді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанның қалалық полиция басқармасының басшысы әйел зорлады деген күдікке ілінгені хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова