Қазақстанда әскерге барған қыздар бар ма? Министр жауап берді

Қазақстанда әскерге барған қыздар бар ма? Министр жауап берді
Фото: Tengrinews.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қыздардың әскерге баруына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр әйелдерге қатысты бөлек категория барын айтты. 

"Келісімшарт бойынша әскери қызметтегі әйелдер бар. Олар бірінші кезекте медицина қызметкерлерін, байланысшыларды, радиотелеграфистерді, іс қағаздарын жүргізуді, қаржы қызметкерлерін алмастырады. Біз қажет жағдайды жасаймыз. Бірақ егер ер адамдар 18 жастан бастап шақырыла бастаса, онда әйелдерге 19 жастан бастап алғашқы қызмет мерзімін анықтаймыз. Себебі ол алғашқы білім алуы керек. 

Бүгінгі күні біз қыздарды мерзімді қызметке шақыру мәселесін қарастырмаймыз. Офицерлер, ең алдымен, дәрігерлер және басқа бағыттар бойынша ғана шақырылады", - дейді министр. 

Жақсылықовтың сөзінше, биыл 20 қыз Ақтөбедегі авиация институтына түсіп, әскери медицина факультетінде білім алып жатыр.

"Олар дуалды білім алып жатыр. Бірақ соғыс және қауіп төнген жағдайда гендерлік айырмашылыққа қарамаймыз", - дейді Руслан Жақсылықов.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина