Жыл басынан бері теңге қанша пайызға әлсіреді?

Жыл басынан бері теңге қанша пайызға әлсіреді?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов теңгенің әлсіреуі неге байланысты екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 469,64 теңгеге дейін, 1,5 пайызға әлсіреді. Қазан айында 1,1 пайыз болды. Теңгенің әлсіреуі бірқатар сыртқы және ішкі факторға байланысты", - деді ол.

Вагаповтың сөзінше, оның бірінші себебі - доллардың жаһандық нығаюы.

"АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің қатаң ақша-кредит саясаты әсер етіп отыр. Екіншіден, импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы. Оған жобаларды іске асыру және бюджет қаражатын игеру циклінің жандануы мен басқа да факторлар ықпал етіп отыр", - деді Ұлттық банк өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов елімізде қандай азық-түлік қымбаттағанын айтқаны хабарланды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ақша туралы мақал-мәтелдер

Жасұлан Ордабаев

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz