12 жылға сотталған, ақша үшін төбелескен, 3 бала асырап алған: әйел адамсенгісіз хикаясын айтты

12 жылға сотталған, ақша үшін төбелескен, 3 бала асырап алған: әйел адамсенгісіз хикаясын айтты
Фото: instagram.com/sholpan.tohtar

Астаналық тұрғын адамсенгісіз хикаясын бөлісті. Ол жазықсыз қылмыскер атанып, 3 жылға жетпей өзін ақтап, бостандыққа шықты. Темір тордан кейін оның өмірі мүлдем өзгерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шолпан Тоқтархан қазір психолог болып қызмет етіп жүр. Бұл туралы "АйнаLine" бағдарламасында айтылды.

"Төбеме жай түскендей болды. Сотталмай тұрып, 2 мейрамхана ұстаған, кәсіппен айналысқан әйел едім. Ол кезде 3 бала асырап алған едім. Олардың анасы ерте қайтыс болған, әкесі әке болу құқығынан айырылған. Сол кезде таныстарым "әкесі ауру, шешесі ауру, оларды не істейсің" деді. Ешкімді тыңдағым келмей, Алматыдан Астанаға ауысып келдім. Бала кезден ерегесіп қалған адам едім. Сөйтіп жұмыс істеп жатқанда біреудің құйрығын қатты басып кетіппін, біреу менің мейрамханамның әжетханасына есірткі тастап кетіпті", - деді ол. 

Оның айтуынша, бұл іс қасақана ойластырылған. Мен жібереді деп ойладым, сотталып кетемін деп мүлдем ойлаған жоқпын.

"Түрмеге түскен соң 15 күн жатып қалдым. Қалай мен мына жерден шықтым деп Құдаймен сырластым. Менімен бірге отырған 1800 әйелдің 1800 тағдыры, қылмысы бар. Мен әрбір әйелдің оқиғасын естіп, өз қателігімді көрдім, тәкәппарлығымды көрдім. Мейрамханаға дейін 10 жыл бұрын ақша үшін рингке шығып, төбелескенмін", - деді кейіпкер. 

Оның айтуынша, Алматыға алғаш келгенде автовокзалда түрлі қарттарға көмектесіп жүрген

"24-темін. Әжетханаға кіріп, бетімді жуып шығайын десем, екі жігіт мені шығармады. Қарындас, біздің ісімізді істеп бер, сосын кетесің" деді. "Менің қарным аш, сендер мені зорламақсыңдар ма?" дедім. Шығайын десем, мені қатты ұстап алды. Біреуінің құлағын қатты тістеп алдым. Екіншісінің мұрнына саусағымды тығып алдым. Олар да, мен де күтпедім. Полиция, жедел жәрдем келді. Айнадан өтіп бара жатқанда түрімді көрдім, беті-аузы қан қасқыр елестеп кетті. Сол кезде полиция басшысы "бізде жабық клуб бар, сол жерде төбелесіп ақша тапсаң болады" деді", - дейді ол. 

Оның айтуынша, ол күйеуінің түрмеден күтетініне сенімді болған.

 "Мен күйеуімнің балаларын бағып отырмын ғой, ол мені күтеді" деген сенімде болдым. Ол үйге жинаған ақшамды да, балаларға алған көлікті де алып кеткен. Балаларды да алғысы келді. Ол маған қатты жынданып, "шыққан орныңа қайта жіберемін" деді. Сол сөз маған қатты әсер етті. Күйеуімді өлтіріп тастаймын деп ойладым", - деді ол. 

Одан кейін кейіпкер инсульт алып, 2 жыл сөйлей алмай жатқан. Сол кезде үлкен ұлы оған әлеуметтік желіні ашып берген, әйел сонда өз өмірі туралы жаза бастаған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек