Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері күтпеген оқиғаға тап болды

Алматыдағы жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері растады. Белгісіз ер адам алдымен көмек сұрап, артынша жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасаған. 

"Кезекті қоңыраудан кейін жедел жәрдем қызметкерлерінен ер адам әйел адамға көмек сұраған. Дәрігерлер әйел адамға көмектесіп жатқан кезде ер адам дәрігер мен фельдшерді ұрып тастаған", - дейді басқарма өкілдері. 

Қазіргі уақытта Алатау ауданының полиция басқармасында іс жүргізу шешімін қабылдау сатысында құқыққа қайшы әрекет жасаған адамға қатысты арыз бар.

"Қазіргі уақытта жәбірленушілердің жағдайы қалыпты, олар амбулаторлық ем қабылдап жатыр", - дейді басқарма өкілдері. 

Оқи отырыңыз: Күйеу балаға неге төс тартады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!