Ажар Ғиният елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ өкілі министрден "әйелдердің құқығын қорғау үшін жаңа заң керек пе?" деп сұрады. Ажар Ғиният еліміздегі медицина саласы зорлық-зомбылық көрген азаматтарға көмек көрсетуге дайын екенін айтады.

"Біз әйелдердің құқығын қорғау (құқығын қорғауға дайынбыз - еск.) немесе қандай да бір адамдар зорлық-зомбылыққа тап болғанда, оған дер кезінде медициналық көмек көрсетеміз. Биыл министрлік Ыстамбұл хаттамасына сай жәбіленушінің жарақатын анықтап, хаттаманы енгізуді қолға алды", - деді ведомство басшысы.

Тағы да оқи отырыңыздар: Мобильді интернет неге істемейді?

Жасұлан Ордабаев

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!