Экс-министр Бишімбаевқа қатысты іс: полиция мейрамханадағы видеоларды тәркіледі

Астана Полиция департаменті бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі өлтірілген Bau мейрамханасындағы бейнебақылау камераларынан видеоларды алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

"Қазір тергеу органдары қызмет көрсетуші персонал мен жасалған аса ауыр қылмыстың мән-жайын білуі мүмкін басқа да адамдардан жауап алу кезінде деректерге тексеріс жүргізеді. Сондай-ақ, оқиға орнынан тиісті зерттеулер тағайындалған бейнематериалдар алынды. Тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!