Көліктің құлыбы аязда қатып қалса не істеу керек?

Салқын ауа-райында көліктің есігі ашылмай қалуы қалыпты жағдай. Әсіресе таңертең жұмысқа баратын жұрт үшін бұл жайт жүйкені жұқартатыны рас. Көбінесе мұндай мәселе көлікті жуғаннан кейін болады. Егер автомобиль толық кептірілмесе және құлыптардың айналасы тиісті сұйықтықтармен өңделмесе жағдайыңыз қиындайды. Әртүрлі салқындықта есіктің қатып қалуынан қалай сақтану керек? Massaget.kz тілшісі біліп көрді.  

Жеңіл аяз: -3 градусқа дейін

Қарапайым әдіс: Алақаныңызды түтік тәрізді бүгіп, құлыпты салып үрлеңіз. Жылы ауа мәселені тезірек шешуге көмектеседі. 

Кілтті қыздыру үшін оттықты пайдаланыңыз. Содан соң кілтті құлыпқа мұқият салып, баяу бұраймыз. Егер есік ашылмаса кілтті күшпен бұраудың қажеті жоқ. Осы әдісті қайталасаңыз жеткілікті. 

Орташа аяз: -10 градусқа дейін

Бір бөтелке ыстық су алып ақырын құлыпты айналасына құямыз. Себебі құлыптың ішкі құрылысын жібітудің жолы сол. Содан кейін міндетті түрде көлікті кептіріп, су қатып қалмас үшін ылғал шығаратын сұйықтықты қолданыңыз.

Қатты аяз: -30 градусқа дейін

Шприцтің көмегімен құлыптау механизмдеріне үйкеліс спиртін құйыңыз. Ол мұзды ерітіп, жылу шығарады. Арнайы еріткіш кілттерді немесе сұйықтықтарды пайдаланыңыз. 

Ең дұрысы күн салқындағанын күтпестен көліктің құлыбын майлап, арнайы сұйықтықты алдын ала шашып қойғаныңыз абзал. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!