"Медеу" мұз айдыны биыл қашан ашылады?

"Медеу" мұз айдыны биыл қашан ашылады?
Фото: Алматы әкімдігі

"Медеу" биік таулы мұз айдынында жаңа маусымның ашылуы 15 қарашада өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Медеу биік таулы мұз айдынында жаппай сырғанау 15 қарашада сағат 10:00-ден бастап қолжетімді, ал маусымның салтанатты ашылу рәсімі сағат 13:30-да өтеді.

Мұз айдынының ашылу бағдарламасында коньки тебушілердің мұздағы перфоманстары, жүлделер ұтыс ойыны, флэшмоб, әртістердің қойылымдары, сондай-ақ кешеннің ең белсенді қонақтарына арналған сыйлықтар бар.

Қазіргі уақытта нысанда дайындық жұмыстары аяқталды, мұз жасау процесі белсенді жүргізіліп жатыр.

Медеу - Алматы қаласының маңына орналасқан, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте әрі еліміздің ең басты мұз айдыны болып табылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина