Таразда жүкті әйелдің басына бағдаршам құлады

Таразда жүкті әйел жантүршігерлік апаттан аман қалды. Оның үстіне көлік соғып құлатқан бағдаршам құлап кеткен. Соққының күшті болғаны сонша, әйел құлап, есін жоғалтқан. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға қаладағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде болып, бұл бақылау камерасына түсіп қалған. 21 жастағы әйел жолдан өтпек болып, бағдаршамның жасыл түсі жанғанын күткен. Осы кезде көлік бағдаршамға жоғары жылдамдықпен келіп соғылған, ал бағдаршам жүкті әйелдің басына құлаған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткенімен, полиция оны тапқан. Көлік айыптұраққа жеткізіліп, ал ер адамға бірден екі айыппұл салынды.

Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан