14 қарашада бірнеше өңірде екпіні күшті жел соғып, тұман түседі

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, ертең, 14 қарашада елдің он өңірінде екпіні күшті жел соғып, тұман түседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!