Қостанайда екі жігіт станциялардан құны 100 млн теңгеге жуық болатын жабдықты ұрлаған

Қостанайда трансформаторлық қосалқы станциялардан құны 100 млн теңгеге жуық болатын ұрлық жайты анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының екі тұрғыны трансформаторлық қосалқы станциялардан жабдықтарды кезекті мәрте ұрлау барысында ұсталды.

Бұл олардың алтыншы ұрлығы болар еді. Екі апта бойы "гастролерлер" Қостанайдың трансформаторлық қосалқы станцияларынан қымбат жабдықтарды ұрлап жүрген.

Мысалы, соңғы рет олар қосалқы станциядан 4 блок-модульдік релелік қорғанысты ұрлауға тырысты. Осындай бір қорғаныстың құны – 2,5 млн теңге.

"Юбилейный" шағын ауданындағы трансформаторлық қосалқы станциялардың бірінің жанынан өтіп бара жатып, арнайы киім киген станцияға кірген екі жігітті байқадым. Мен тексеруді шештім, өйткені бұрын ұрлық туралы арыздар келіп түскен болған. Қосалқы станцияға жақындаған кезде мен құлыптың бұзылғанын көріп, бірден көмек шақырдым. Екі жігіт шығуға дайындалып жатқанда, біз оларды әріптестерімізбен қоршап алдық. Бізді көргенде олар жасырынуға тырысты. Бірақ біз оларды самбоның жауынгерлік әдістерін қолданып, ұстадық", - деді жедел уәкіл Бауыржан Өтеутілеу.

Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысының Ақкөл ауылының 20 жастағы екі тұрғыны іс бойынша күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер өз кінәларын мойындады. Ұрланған мүлік ішінара тәркіленді. Барлық дерек бойынша жалпы шығын 100 миллион теңгеден асты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз