"Салтанатты қаралауды доғарыңдар!" Заңгер бас прокурор Берік Асыловқа жүгінді

Құқық қорғаушы, заңгер Айгүл Орынбек көз жұмған Салтанат Нүкенованың ісіне қатысты бас прокурор Берік Асыловқа жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Берік Асылов мырза! Тергеу құпиялығы қайда қалды? Оқиға болған жердегі мәліметтер алдын-ала неге таралып жатыр? Салтанаттың моральдық образын қоғамға былғанышты қылып көрсетілуіне неге жол беріп отырсыздар? Иә, өлген адам сөйлемейді, өзін ақтау үшін журналистерге де ақша да төлей алмайды. Сонда Салтанаттың туыстары Бишімбаевтың қылмыскер екенін дәлелдеу үшін фото, видео суреттерін жариялау керек пе? ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу құпиялығын неге бұзып отырсыздар? Заң бар емес пе?

Берік Асылов мырза! Қылмысты тергеп-тексеру барысында заңдылықты сақтамаған, қылмысқа қатысты жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыруға мұрындық болған бүкіл қызметкер мен журналиске шара көруіңізді сұраймын. Салтанатты қаралауды доғарыңдар! Таңғы сағат 7:00 де ұрып, кешке дейін жасаған қылмысын жасырғысы келген адамға өте ауыр жаза тағайындау керек! Қылмыскер жазасын алсын! Бұл - ақтауға келмейтін қылмыс!" - деп жазған ол. 

"Денесін көріп шошыған". Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы, Павлодардың экс-әкімі сұмдық жағдай туралы

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды.

Кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Салтанат Нүкенованы өлтіру дерегі бойынша "Гастро-орталық" директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!