"Махаббатсыз туған балалар осындай болады". Желіде сәбиді аяусыз ұрған әйелдің видеосы тарады

Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде сәбиді аяусыз ұрған әйелдің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған кадрларда әйел баланы бірнеше рет ұрып, жылатқаны көрінеді. Заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева әйел табылғанын, Астана полициясы жұмыс істеп жатқанын жазды.

"Міні махаббатсыз туған балалар осындай болады. Ешкімге керек емес, маған да керек емес", - дейді әйел видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сауле Бикитеева (@saulebikiteeva)

Бұл видеоға қатысты бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да пікір білдірді.

"Әйел сәбиді ұрып жатқан видеоға қатысты Ішкі істер министрлігімен бірге екі күннен бері барлық өңірден іздестіріліп жатыр", - деп жазды ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова