Алматыда әйел адам пышақпен жүр: полиция пікір білдірді

Алматыда жанармай құю бекетінде пышақпен жүрген әйелдің видеосы тарады. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Telegram-арналардың бірінде пайда болды. 

Әйел адамды полиция ұстады. 

"Әйелді патрульдік полиция экипажы ұстап, Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлімге жеткізді. Ол бейадекват күйде болған. Әйел психологиялық бейіндегі дәрігерлерге білікті көмек көрсету үшін берілді", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!