"22 градус". Қараша әдеттен тыс жылы басталды

"22 градус". Қараша әдеттен тыс жылы басталды
Фото: Tengrinews.kz

Қазгидромет өкілдері қараша әдеттен тыс жылы басталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарашаның әдеттен тыс жылы басталуы қыстың басталуын едәуір кейінге қалдырды және алдағы күндерге болжам бойынша жылы күндер әлі де сақталады.

"Алдымен Қазақстанның батыс, содан кейін қалған өңірлеріне екі циклон әсер етеді оңтүстік және атлантикалық. Олар ауа-райын бұлтты және жаңбырлы етеді, ал температура фоны біркелкі, бірақ жылы болады деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.

Тек еліміздің оңтүстік аймақтарында ғана аз бұлтты ауа-райы күтіледі және күндізгі ауа температурасы 17-22 градус жылыға дейін жоғарылауы болжанады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина