Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев сотталды

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев сотталды
Фото: otyrar.kz

Шымкентте Антикор басшының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мақсат Қожабаев ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("алаяқтық") бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған бес жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ақпаратты Шымкент сотының баспасөз қызметі растады.

Осы қылмыстық іс бойынша тағы бір айыпталушы - Закир Ғұламов. Сот оны ҚК 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған бес жыл бір ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина