Түркістан облысының тұрғынынан жоғалу кетіп қаупінде тұрған 10 құс табылды

Түркістан облысының полицейлері шымкенттік тұрғыннан 10 шақты Қызыл кітапқа енген құс тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері тінту кезінде күдіктіден Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құстардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген 10 түрін тапқан. Ер адамнан балобандар мен қарабауыр бұлдырық құстары тәркіленді. Күдікті құстарды жеңіл көлікпен тасымалдаған. Жағдайды одан әрі анықтау үшін ұсталған адам полиция бөліміне жеткізілді.

Polisia.kz

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігі бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жабайы құстар Шымкенттің мемлекеттік хайуанаттар бағына берілді. Полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға және жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға шақырады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина