"Сыра саттым". Танымал актер балалық шағының қиындыққа толы болғанын айтты

"Сыра саттым". Танымал актер балалық шағының қиындыққа толы болғанын айтты
Фото: Фотоскрин

Танымал актер Руслан Нұрман балалық шағындағы естеліктерімен  "Менің өмірім" бағдарламасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі балалық шағын еске алғанда өксік келетінін айтты.

"Сол кездегі әке-шешемнің қиналғанын көрдім. 6- сыныптан бастап базарға шығып, сыра саттым. Базардың алдына барып мұздатып әкелетінмін. Үлкен балалар мені қуатын. Қырсығып, әдейі сол жерде тұратынмын. Өйткені үйге бір тиын апаруым керек. Бес жыл ет жемеген кездер болды. Соны еске алсам, өксік келеді. Мұны көріп өскеніме қуанамын", - деді ол. 

Актердің айтуынша, ата-анасы қазір зейнеткерлік демалыста.

"Әкем инженер-құрылысшы, анашым аға медбике болып қызмет атқарды. Қазір зейнеткерлік демалыста. Нан таба алмайтын уақыттар болды. Бауырсақ жейтін кезде қатты қуанатынбыз. Қандай қиыншылық көрсе де, ата-анам бір-бірінен ешқашан ажырамаған", - деді актер.

Еске салайық, "Қателер менен болды". Танымал актер бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтқаны туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи жүріңіздер: Теңге туралы қызықты деректер

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы