"Көлікті бейберекет айдаған". Шымкентте жүргізуші полицейлерге миллион теңге пара ұсынған

"Көлікті бейберекет айдаған". Шымкентте жүргізуші полицейлерге миллион теңге пара ұсынған
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мас жүргізуші Шымкент полицейлеріне 1 миллион теңге пара беруге тырысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнде қаланы патрульдеу кезінде Шымкент патрульдік полициясының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жол бойымен көлікті бейберекет айдаған көлікке назар аударды. Полиция көлікті тоқтатты.

"Олар салонда алкогольдің иісін сезіп, жүргізушіден медициналық тексеруден өтуін сұрады. Жауап ретінде ер адам оны жауапқа тартпау үшін оларға 1 миллион теңге ұсынды. Оқиға туралы патрульшілер дереу қаланың ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарланды, ал жүргізуші наркологиялық диспансерге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері жүргізушінің мас күйде екенін және құқығынан айырылып, рөлге отырғанын растады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346 және 367-баптары бойынша соталды тергеу басталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина