Болат Назарбаев қайтыс болғаны расталды

Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана өкілдері Болат Назарбаев қайтыс болғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2023 жылдың 13 қарашасында сағ. 09.51-де ұзаққа созылған сырқаттан Болат Назарбаев қайтыс болды", - делінген жауапта. 

Сонымен қатар, бұл ақпаратты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми өкілі Айдос Үкібай да растады. 

Еске салайық, бұған дейін бірнеше БАҚ Болат Назарбаев қайтыс болғанын хабарлаған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!