"Ұлымды табуға көмектесіңіздерші". Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жігіттің анасы жұртқа үн қатты

Щучье қаласының (Ақмола облысы) тұрғыны ұлының жұмбақ жағдайда жоғаолып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Сергей Быстров 2022 жылғы көктемде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Наурыздың 17-нен 18-іне қараған түні Сергей жұмыстан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Ол үйінің кіреберісіне жеткен, бірақ кірмей кеткен. 

"Жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Қайда кеткені, біреу алып кеткені де белгісіз. Ол кезде қызымен тұрған. Ол ештеңе білмейді. Оны өзім іздеп көрдім, таппадым. Сережа өте ақкөңіл жігіт, ешкімге жоқ демейтін. Жақысылығы үшін осындай жағдайға тап болған шығар. Ол есін жоғалтқан шығар немесе біреу ұстап отырған шығар, интернет жоқ жерде шығар. Ұлымды табуға көмектесіңіздерші. Мен сені қатты сағындым", - дейді Сергейдің анасы. 

Полиция мен еріктілер Сергей жоғалған күннен бастап іздеуді тоқтатқан жоқ, бірақ нәтижесіз. Жігіттің анасы ұлы қайтып келер деген үмітпен көзін жас алды.

Сергей Быстровты көрген-білгендерден 8 705 544 12 57 нөмірі бойынша ақпарат беру сұралады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!