Өзбекстанда тұрғын президентті қорлаған пікірі үшін түрмеге жабылды

Өзбекстанда тұрғын президентті қорлаған пікірі үшін түрмеге жабылды
Фото: РИА Новости

Өзбекстанда Самарқанд облысының 19 жастағы тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде президент Шавкат Мирзиеевтің атына жазған дөрекі пікірі үшін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, судья сотталушының осы әлеуметтік желідегі парақшасын жабу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, жаздың басында Өзбекстанның 19 жастағы азаматы Instagram-да президенттің President family видеосы астына президент Шавкат Мирзиеев туралы пікір қалдырған. Сот-медициналық сараптама басылымда президентті "қорлап, беделін түсіруге" қатысты әрекеттерді анықтады.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, достарының кеңесінен кейін өз пікірін өшіріп тастағанын айтты. Біраз уақыттан кейін ол өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын білген, содан кейін 24 тамызда өз еркімен Өзбекстанға оралған.

"Ол Шавкат Мирзиеев жүргізіп отырған саясатқа қарсы емес екенін, тек жастығы мен түсінбеуіне байланысты президентті қорлайтын сөздер жазғанын айтты", - делінген сот шешімінде.

Сотталушы жасаған қылмысына өкініп, соттан жазасын жеңілдетуді сұрады. Ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот бұл тапсырманы Цифрлық технологиялар министрлігіне жүктеп, сотталушының Instagram парақшасын бұғаттау туралы шешім қабылдады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан