Ақтау тұрғындары шағымын айтты

Ақтау тұрғындары шағымын айтты
Фото: lada.kz/

Ақтауда көшеге асфальт төсеу жұмыстары тұрғындардың ашуын тудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 11-ықшамаудандағы №20 үйдің алдындағы құбыр ауыстырылғанына төрт ай өтсе де, жолды қалпына келтіру жұмыстары ұзаққа созылған. Бірақ қазір, тұрғындардың айтуынша, асфальт битумсыз төселіп жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, №21, №22 және №23 үйлердің жанындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға асфальт төселіп жатыр. Бұл ретте жаяу жүргіншілер жолының негізіне битум жабылмаған. Ол жерге тек шүмектен аққан ыстық қара суға ұқсайтын сұйықтық құйылған.

"Битумсыз, тура құмның үстіне. Кейбір жерлерде жол жиегі цементпен нығайтылған, ал басқасында жай ғана топырақпен жабылған. Қазір олардың үстінен ролик өтіп, оларды қиратып жатыр. Кейбір жол жиектерін жүк тиегіш қиратқан", - дейді тұрғындар.

11-шағынаудандағы №20 үй тұрғындары "Лада" басылымына жіберген суреттер

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі асфальт төсеу жұмыстарында барлық техникалық шарттар сақталды деп сендірді. Бұл жолды жөндеу кезінде битум қолданылады.

"Битум құю жұмыстары гудронатормен жүргізілмейді, өйткені бұл техника ол жерге сыймайды. Мамандар жұмысты басқа құралдармен жүргізеді", - деп нақтылады шенеуніктер.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан