Күн сәулесі жетіспеушілігінің күтпеген қаупі айтылды

Күн сәулесі жетіспеушілігінің күтпеген қаупі айтылды
Фото: elements.envato.com

Қысқа күндізгі жарық адамның әл-ауқатына және физикалық қалпына тікелей кері ықпал етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігер Марианна Фигейро күн сәулесі жетіспеушілігі жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің, тіпті онкологиялық аурулардың дамуына түрткі болуы мүмкін екенін айтты. Маман жарық та физикалық белсенділік, ұйқы, дұрыс тамақтану секілді адам ағзасы үшін маңызды саналатынын жеткізді. Оның пікірінше, ең пайдалысы таңертеңгі уақытта күн көзінде жүрген дұрыс.

  • Күн сәулесі тым аз болса, адам ағзасына не болады?

Маманның сөзінше, онда салдарынан ұйқы нашарлайды және когнитивті функцияларға қатысты күрделі проблемалар туындайды. 

Адам ұзақ уақыт бойы нашар ұйықтаса, оның иммунитеті әлсірейді. Содан кейін метаболикалық бұзылыстар, жүрек және қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік қаупі артады.

  • Мамандар қандай кеңес береді?

Мамандар бұл айда таңертең күн көзінде серуендеу үшін 30-60 минут аралығында уақыт бөлу қажет екенін айтады. Сонымен қатар, ауа райы бұлтты болып тұрса да, үйде отырудың қажеті жоқ, одан да таза ауаға шыққан жөн екен.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова