2 жыл бұрын ток соққан: әлемде алғаш рет адам көзіне трансплантация жасалды

2 жыл бұрын ток соққан: әлемде алғаш рет адам көзіне трансплантация жасалды
Фото: видеодан алынған кадр

Әлемде алғаш рет адам көзіне трансплантация жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Операцияны Нью-Йорк емханасының хирургтері жасаған. Науқастың көру қабілеті әзірге қалпына келмесе де, дәрігерлер бұл медицинадағы үлкен жаңалық екенін жеткізді. 21 сағатқа созылған операцияға 140-тан аса  хирург қатысқан. Науқас әлі де біраз бақылауда болады. Ол осыдан 2 жыл бұрын 7200 вольттық тоққа түсіп, сол жақ бетіне, мұрын, ауыз, сол көзі мен қолына үлкен зақым келген екен.    

"Көз трансплантациясының өзі - алға жасалған үлкен қадам. Бұл ғасырлар бойы адамзат ойында болғанымен, осы уақытқа дейін орындалмай келген іс болатын. Көз алмасын алмастыру арқылы көру қабілеті қалпына келмесе де, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады", - дейді хирург Эдуардо Родригес.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова