"Тоқтамай жылап алдым". Ырысбала Икрамбай ауыр дертке шалдыққан екі баланың әкесіне көмек көрсетті

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай ауыр дертке шалдыққан екі баланың әкесіне көмек көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Instagram-ды ақтарып отырдым, алдымнан осы екі жігіттің видеосы шықты, "не дейді" деп қарадым да, артынан тоқтамай бір сағат жылап алдым. Аллаға шүкіршілік еттім, тәубе еттім. Көре тұра, көрмегендей кете алмадым. Не деген мықты азамат еді ағамыз? Мешітте бағбан болып жұмыс істейді екен, бір қолы тартылып қалған өзінің, екі ұлы және әйелі бір дертпен ауырады емі жоқ, тек күтім керек, далаға тек ауруханаға бару үшін және дәретханаға шығады.

Ырысбала Икрамбай мұқтаж әкеге хабарласқанын, өзімнің қаражатына көмектескенін айтты. 

"Бір рет хабарласып мекенжай сұрадық, бұл отбасының төбесінен жай түскендей болды. 7-айналымның қаражатынан 87-88 үйдің керек-жарағын алып және осындай батыр әкені қуанттық, екі баланың еміне азда болса көмектестік. Ешқандай сбор ашпай, өзімнің қаражатыммен көмектескеніме жүрегім жарылардай қуанып отырмын!
Ең бастысы, балаларға Алла шипа берсін, анамыз бен әкеміз күш-қуат, ұзақ ғұмыр берсін, ақ ниетімді Аллам өзің қабыл ете гөр, өзіңе шүкіршілігім!" - деп жазған ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!