"Бұл - мен жеп көрген ең дәмді нәрсе". UFC басшысы Дана Уайт қазақ құртынан дәм татты

Қазақстандық әйел UFC басшысы Дана Уайтқа құрт сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық Азиза Сыздықова Instagram желісінде UFC президенті Дана Уайтқа құртқа, сосын қазақстандық шоколадқа қалай қарайтыны туралы видео жариялады.

"Қазақстанда осыны жейді екен ғой. Қазақ кәмпитінен дәм татқысы келетіндер бар ма? Бұл - мен жеп көрген ең дәмді нәрсе. Керемет! Бөліскеніңізге рақмет", - деді Уайт.

Еске салайық, бұған дейін Гарри Поттер сериясының жұлдызы Том Фелтон Астанада көзге түскен еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!