Словенияда Қазақстанмен матч алдындағы толқу туралы айтылды

Словенялық футбол жанкүйерлері өздерінің ұлттық құрамасының алдағы матчтарын үлкен толқумен күтуде. Ол Еуро-2024 іріктеу кезеңінің аяқталуына 2 тур қалғанда өз тобында 19 ұпаймен көш бастап тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Sportklub басылымының журналисі Рок Вишкович Словения құрамасы 14 жылда алғаш рет ірі халықаралық турнирге (соңғы рет 2010 жылғы әлем чемпионатына қатысқан) қатыса алатынын атап өтті. Оның айтуынша 20 қарашада Словения өз алаңында Қазақстан құрамасын қабылдағанда Люблянадағы "Стожице" стадионында аншлаг күтілуде. Словенялықтардың бас бапкері Матьяж Кек бұл туралы баспасөз мәслихатында ұлттық құрама құрамын жариялаған кезде айтқан болатын.

Айта кетейік, сыйымдылығы 16 мың адамға шақталған "Стожице" стадионындағы ойынға барлық билеттер  33 күн бұрын 18 қазанда сатылып кеткен болатын. Бұл Словения құрамасының Еуропа чемпионатына шығу үшін маңызды кездесу екенін айғақтайды.

Ал Қазақстан құрамасы  17 қарашада өз алаңында сан-мариноны қабылдаса, словениялықтар сырт алаңда даниямен кездеседі. 

Словения құрамасы бұған дейін 2000 жылы бір ғана құрлықтық біріншілікке қатысқан. Қазақстан құрамасына келетін болсақ, олар тарихта алғаш рет осындай жоғары деңгейдегі турнирге қатысуға мүмкіндік алады. Ол үшін алдағы екі ойында жеңіске жетуі тиіс. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!