Қарағандыдағы шахта жарылысынан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды

Қарағандыдағы шахта жарылысынан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Қарағандыда Костенко шахтасында болған жарылыстан зардап шеккен 10 адам ауруханада жатыр. Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев олардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"10 зардап шеккен адам медициналық мекемелерде бақылауда, олардың жағдайы орташа және жеңіл дәрежеде. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Бөлекпаев.

Еске салайық, бастапқыда Костенко шахтасында 7 адам қаза тапқаны белгілі болды.Артынша қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек