Демалыста ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 11-13 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атлантикалық циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қарашада жауын-шашын көп жауады және күн жылы болады деп күтіледі.

"Батыстан шығысқа ауысатын циклон өз жолында қатты жауын-шашын әкеледі: түнде жаңбыр мен қар түрінде, күндіз негізінен жаңбыр түрінде, 11 қарашада солтүстік-батыста, 12 қарашада оңтүстігінде, 13 қарашада елдің оңтүстігінде-шығысында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) жауады. 12 қарашадан бастап антициклонның екпіні батысқа қарай тарай бастайды, жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы 8-18 градус Цельсийге дейін көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада. 

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!