Астанада әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды

Астанада әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды
Фото: Тengrinews

Астанада әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Астана Полиция департаменті өкілдері бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді.

Қажет сараптамалар тағайындалды.

"10 қарашада "102" арнасына Тілендиев даңғылындағы терезеден әйел құлап кеткені туралы қоңырау келіп түсті, ол алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды", - делінген полиция хабарламасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова