Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан Словенияны жеңді

Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан Словенияны жеңді
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Словениямен сынға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Аустралияға 1:2 есебімен жол берген еді. Сондықтан плей-офф кезеңіне өту үшін Қазақстан үш ойында да жеңіске жетіп, 3:0 есебін тіркеу керек болды. Алайда алғашқы ойында-ақ Анна Данилина қарсыласы Кая Юваннан (1:6, 0:6) ойсырай жеңілді. 

Юлия Путинцева Тамара Зиданшекпен шеберлік байқасты. Мұнда есеп 2:6, 6:2 болған мезетте словениялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп жеңіс Юлияға берілді. 

Жұптық сында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Вероника Эрьявец — Эла Нала Миличті тізе бүктірді — 2:6, 6:4, 10:7. 

Осылайша, Словенияны 2:1 есебімен жеңгенімен, өз тобында екінші орын алған Қазақстан жартылай финалға өте алмады. 

Қазақстан теннис федерациясының демеушілері - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры

BeeHome+ қосыңыз. Басты теннис трансляцияларын жіберіп алмаңыз!

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан