Атырауда 300 келіге жуық бекірені заңсыз саудаламақ болған күдікті ұсталды

Атырауда 300 келіге жуық бекірені заңсыз саудаламақ болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

8 қарашада бекіре тұқымдас балықты заңсыз сатып алып, тасымалдап жүрген 26 жастағы қала тұрғыны анықталған.

Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 282,5 келі болатын 76 бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) соталды тергеп-тексеру басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!