Астанада LRT-нің тіреуі қисайып қалды: CTS жағдайға қатысты түсінік берді

Астанада LRT-нің тіреуі қисайып қалды: CTS жағдайға қатысты түсінік берді
Фото: Tengrinews.kz

Астанада LRT-нің тіреуі қисайып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Қалдаяқов көшесінің бойындағы құрылысы жүріп жатқан LRT жеңіл рельсті көлік жүйесінің тіреуіш конструкциясы қисайған.

Бұл аумақта көліктер жүріп жатқан жоқ. 

CTS көлік компаниясы жағдайға қатысты түсінік берді.

Оқиға 10 қараша күні сағат 17:00-де болған.

"Қалдаяқов көшесіндегі LRT құрылыс алаңының аумағында, Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшелерінің аралығында бетон құю кезінде және қалыптардың бұранды қосылысына түскен жүктемеден қалып сығып, соның салдарынан темірбетон тіреуі қисайып қалған", - деп хабарлады көлік компаниясының баспасөз қызметі.

CTS мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта осы учаскеде қозғалысты шектеу бойынша шаралар қабылданды.

"Қалпына келтіру жұмыстары ертең аяқталады", - деп хабарлады CTS.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан