Павлодарда бос тұрған үй-жайда ер адам асылып қалған

Павлодарда бос тұрған үй-жайда ер адам асылып қалған
Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда бос тұрған үй-жайда асылып қалған ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына бір техника, облыстық ТЖД техникасы және төрт қызметкер жұмылдырылды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қараша күні сағат 06.43-те Нұркин көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрған тұрғын емес үй-жайдың екінші қабатында асылған ер адам табылғаны туралы хабарлама түскен. 

Құтқарушылар шақыру орнына барған соң полиция қызметкерлерінің қатысуымен альпинистік құралдардың көмегімен арқанды кесіп, ер адамның денесін төмен түсіргеннен кейін полицияға тапсырды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан