Ақтөбеде бұзылып кеткен киік еті сатылып жатқаны рас па?

Ақтөбеде бұзылып кеткен киік еті сатылып жатқаны рас па?
Фото: Massaget.kz/Кәмшат Сексенбайқызы

Ақтөбеге 8 қарашада Батыс Қазақстан облысынан 820 киік ұшасы жеткізілген. Алайда түрлі себепке байланысты киік ұшасы келесі күні кері жөнелтілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Ақтөбеде бұзылып кеткен киік еті сатылып жатқаны туралы хабарламалар мен түрлі суреттер тарады. Мәселенің анық-қанығын білу үшін тиісті орындарға хабарластық. Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Қуаныш Демегеновтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысынан 8 қарашада 820 киік ұшасы "КамАЗ" көлігімен  жеткізілген.

"Кәсіпкер қаладағы ет комбинатымен келісім жасаған. Алайда ет комбинаты етті қабылдауға дайын болмағандықтан бас тартты. Яғни комбинаттың ветеринарлық талаптарға сай құжаттары болмаған. Кәсіпкер қаладағы басқа комбинаттарға барғанда бағасымен келісі алмаған. Сондықтан киік ұшасы кері жөнелтілді. Ал еттің бұзылып кеткені туралы ақпарат жоқ. "КамАЗ" көлгінің мұздатқышы бар. Негізі етті сатуға алып келген. Бірақ сатылған жоқ", - деді инспекция өкілі.

Қуаныш Демегеновтың айтуынша, Ақтөбе облысында киіктер атылмаған. Ал облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желідегі суреттер Ақтөбе өңірде түсірілмеген.

Кәмшат Сексенбайқызы

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!