Атырау облысында құтқарушылар 6 күн іздеген бала өзеннен өлі табылды

Атырау облысында құтқарушылар 6 күн іздеген бала өзеннен өлі табылды
Фото: Мой ГОРОД

Атырау облысында 17 жастағы бала өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 3 қарашада 17 жастағы бала жаяу жүргіншілер көпірінен суға секіріп кеткен. Сол күні баланы іздеу жұмыстары басталған.  

9 қарашада сағат 14.40-та құтқарушылар көпірден 80 метр жерден баланың денесін шығарған. 

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Өзге ақпарат жариялауға жатпайды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина