Алматыда заңсыз жүрген 104 шетелдік елден шығарылды

Алматыда заңсыз жүрген 104 шетелдік елден шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматыда заңсыз жүрген шетелдіктерді, сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығаруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр. 

"Бір апта ішінде барлығы 276 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 56-сы - алыс шетел мемлекеттерінің азаматтары. Атап айтқанда, Африка құрлығы елдерінен - 45, Түркиядан - 10 және көршілес елдердің 220 адам: Өзбекстаннан - 154 адам және Тәжікстаннан - 19. Сонымен қатар, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 95 шетелдік қабылдап-таратуға орналастырылды. Сот қаулысымен 104 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Нигериядан - 44 адам, Сьерра-Леонеден - 2, Ганадан - 2, Бениннен - 1, Өзбекстаннан - 41 адам, Тәжікстаннан - 8 адам", - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатарғ спикердің айтуынша, қабылдаушы 62 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!