Аяқтарыңыздан байқауға болатын онкологиялық аурудың алаңдатарлық 4 белгісі

Аяқтарыңдағы біртүрлі сезім қатерлі ісік туралы ескертуі мүмкін. Әдетте бұл белгілер адамды алаңдатпайды, бірақ сарапшылар оларға назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Record-қа сілтеме жасап.

Қатерлі ісік ағзада тез таралады. Бұл ауруды жеңу үшін оның енді дамып келе жатқан кезеңінде анықтау маңызды. Алайда ұйқы безінің қатерлі ісігін ерте анықтау қиын.

Ұйқы безінің қатерлі ісігі ерекше, өйткені ол қанды гиперкоагуляция жағдайына әкелуі мүмкін, бұл қанның ұйып қалу қаупін арттырады. Сонымен қатар, аяқта қан ұюы кейде ұйқы безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілерінің бірі болады.

Аяғыңызды зақымдап алған кезде мына 4 белгіні байқасаңыз, дереу дәрігерден кеңес алыңыз. Олар:

  • ауырсыну;
  • ісіну;
  • қызару;
  • қызу.

Айта кетейік, бұған дейін тіс дәрігері ауыз қуысының қатерлі ісігінің 7 белгісін атаған еді.

Маманның айтуынша, ауыз қуысында шыққан, ұзақ уақыт кетпеген жарадан сақ болу керек, өйткені олар ауыз қуысының қатерлі ісігінің алғашқы белгілерінің бірі болуы мүмкін.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қалыпты жағдайда О2, СО2 газдарының тығыздығын қалай анықтайды?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!