"Құнды зат табамыз деп ойлаған". Теміртауда екі тұрғын көшедегі бағдаршамды ұрламақ болған

Теміртауда екі ер адам көшедегі бағдаршамды ұрламақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сағат 23.30 шамасында полиция қызметкерлері көше қиылыстарының бірінде екі ер адамды байқаған: олардың бірі бағанаға шығып, бағдаршамға ұстауға әрекеттенсе, екіншісі оған көмектескен.

Патруль полиция қызметкерлері дереу әрекет етіп, күдіктілерді ұстады. Олар мас күйінде болған 22 және 35 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың айтуынша, олар бағдаршамның ішінен сатуға немесе тапсыруға алуға болатын құнды зат табамыз деп, оны ұрламақ болған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы "Ұрлыққа оқталу" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!